Android-тың көпшілікке белгісіз 5 пайдалы функциясы

Қажетті функцияларды қалай табуға болады?

Барлық құпия бағдарлама құрастырушыларға арналған баптауларда жасырулы тұр. Бағдарлама құрастырушыларға арналған? Жоқ, бұл атаудан сескенбеу керек. Төмендегі кеңестер кез келген қолданушыға пайдалы болуы мүмкін. Сондай-ақ, жасырулы дүниелердің барлығын оңай қалыпқа келтіруге болады.

  1. Android-тың «Баптауларын» (Настройки) ашып,  «Телефон жайлы» бөліміне өтіңіз.
  2. Ең соңына түсіп, «Номерді құрастыру» (Номер сборки) деген жолақты табыңыз.
  3. Осы элемент арқылы қатарынан жеті тапты орындаңыз. Нәтижесінде сіздің құрастырушы екендігіңіз жайлы хабарландыру келеді, ал бастауда (меню) қажетті бөлім пайда болады.

Ал енді бізге ашылған бірнеше мүмкіндіктермен таныс болайық.

1. Көп терезелі (многооконный) режимін іске қосу

Көп терезелі Google компаниясының соңғы операциялық жүйелерге қатысты жасап шыққан сәтті режимі болып саналады. Алайда бұл функцияның орындалуы үшін Анроидтың дұрыс нұсқасы ғана емес, қосымшалардың оны көтеруі қажет.

«Көп терезелі режимінде өлшемді өзгерту» (Изменение размера в многооконном режиме) баптауы арқылы аталыш режимде кез келген қосымшаны қолдана аласыз.

Смартфон, пайдалы функция

2. Экранның әрдайым қосулы тұруы

Әдетте қуатты үнемдеу үшін смартфондар қолданылмай тұрған кезінде экранды өзі өшіреді. Кей жағдайларда бұл функция керек емес болуы мүмкін. Мысалы, ескі смартфоныңызды үстел сағаты ретінде немесе көлікте навигатор ретінде қолдану үшін экранның әрдайым қосулы тұрғаны тиімді болуы мүмкін.

«Экранды өшірмеу» функциясы смартфонның қуат көзі жеткенше әрдайым белсенді режимде тұруына мүмкіндік береді.

Смартфон, пайдалы функция

3. Сыртқы жинақтаушыларда сақтауға рұқсат ету

Кейбір бағдарлама құрастырушылары әдейі SD-картасын орнатуды мүмкін емес етіп қояды. Қайта қосу функциясымен сыртқы жинақтаушыларда сақтауға рұқсат ету (Разрешить сохранение на внешние накопители) арқылы сіз құрастырушының еркінсіз оның орындалуына рұқсат бере аласыз.

Есіңізге сақтаңыз, құрастырушының сыртқы картаны орнатуға тыйым салуының белгілі себебі болуы мүмкін. Жоспардағы орында орналаспағандықтан, кейбір бағдарламалар нақты орынға байланған себепті жұмыс істемейді. Сондықтан бұл функцияны іске қосарда абайлаған жөн.

Смартфон, пайдалы функция

4. Жүйелік анимацияны жеделдету

Бұл — Андроид жұмысын визуалды түрде жеделдетуге арналған нағыз пайдалы функцияның бірі. Барлық мәселе кейбір өндірушілердің қызықтырғыш эффектілері, анимациялары арқылы операциялық жүйенінің жұмысын қиындатып жіберуінде екен.

Бұл бөлімде сіз өздігіңізбен уақытша артық эффектілерді сөндіріп қоюға немесе мүлдем өшіріп тастауыңызға болады. Нәтижесінде смартфоныңыз жедел жұмыс істейтін болады.

Смартфон, пайдалы функция

5. Ақ-қара режимді қосу

Егер сіздің смартфоныңызда AMOLED-экран қолданылатын болса, түстердің қуатты үнемдеуге әсер ететіндігін ескергеніңіз жөн. Телефоныңыздың қуаты ұзағырақ сақталғандығын қаласаңыз, бір түсті дисплейге ауыстырыңыз. Аталмыш функция бағдарлама құрастырушыларға арналған баптауда орналасқан және ол «Имитировать аномалию» деп аталады.

Смартфон, пайдалы функция

Ал сіз қандай пайдалы функцияларды қолданасыз?