Криштиану Роналду корольдік футбол клубынан кетпейтінін хабарлады. «Реал» да Роналдудың орнын басатын ойыншы іздеуді тоқтатты.
Осыдан бір ай бұрын Криштиану Роналду 8 жыл бойы ойнаған «Реал» клубынан кеткісі келетінін мәлімдеген болатын. Оның мұндай шешім қабылдауына мадридтік клуб форвардқа салық дауына қатысты мәселеде тиісті қолдау білдірмегені себеп болған.
13 маусымда Испания прокуратурасы футболшыны салық төлемегені үшін айыптап, Роналдуға қатысты іс қозғаған еді. Криштиану Роналду арнайы құрған бизнес-құрылымының көмегімен нақты табысын жасырып отырған көрінеді.