Басты бет / Жаңалықтар /
Сайлау
Фото: Bnews.kz

23 тамыздағы Құрылтай сайлауында тұрғылықты жеріңізден тыс жерде қалай дауыс беруге болады?

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауында тұрғылықты жерінен тыс болатын азаматтар да дауыс беру құқығын пайдалана алады. Ол үшін алдын ала есептен шығару куәлігін рәсімдеу қажет.

Сайлау күні өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызда болмайтын болсаңыз, дауыс беру құқығынан айырылмайсыз. Бұл жағдайда сайлаушы тұрғылықты жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына барып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, жазбаша өтініш беру арқылы есептен шығару куәлігін ала алады.

Бұл куәлік азаматқа басқа елді мекендегі сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік береді. Куәлік берілгеннен кейін сайлаушының аты-жөні негізгі сайлаушылар тізімінде арнайы белгімен көрсетіледі.

Куәлік қашан беріледі?

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, есептен шығару куәліктері сайлау күніне 15 күн қалғанда, яғни 2026 жылғы 7 тамыздан бастап беріледі. Ал оларды беру 22 тамыз күні сағат 18:00-де тоқтатылады.

Басқа учаскеде дауыс беру үшін не қажет?

Өзіңіз баратын сайлау учаскесінде:

  • есептен шығару куәлігін;
  • жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Осыдан кейін учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны тізімге енгізіп, дауыс беру бюллетенін береді.

Назар аударатын жайттар

ОСК бірнеше маңызды талапты еске салады:

  • есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда қайта қалпына келтірілмейді;
  • оның телнұсқасы берілмейді;
  • куәлік арқылы тек бір елді мекендегі бір сайлау учаскесінде ғана дауыс беруге болады;
  • куәлікті азаматтың өзі немесе сенімхат арқылы басқа адам да ала алады. Мұндай жағдайда сенімхат нотариалды куәландырылмайды.
Құрылтай, сайлау
Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook