Роналду салық төлемегені үшін 5 жылға сотталуы мүмкін

Сот футболшының түрлі қулықтар арқылы жалтарғанын дәлелдеген. Әлем таныған аяқ доп шебері өз қателігін мойындап, айыппұл төлейтін болса  сот ойыншыны жайына қалдырады. Айыппұл көлемі 8 миллион еуроны құрайды.

Егер қарсы шығып, ісі толықтай расталса 15 айдан 5 жылға дейінгі аралықта жаза кесілуі мүмкін.

Айта кетейік, Испаниядағы салық мөлшері футболшылар жалақысының тең жартысына сәйкес келеді.

ДереккөзVesti.kz