«Реал» Роналдудың орнын басатын үштікті атады

Олар – Килиан Мбаппе, Роберт Левандовски немесе Пауло Дибала.

Мадридтік команда басшылығы аталған үш ойыншының кез келгені Роналдуды «Реалда» жоқтатпайды деп есептейді.

Естеріңізге салсақ, салық төлемегені үшін үстінен қылмыстық із қозғалған Роналду «Реалдан» кеткісі келетіндігін айтқан. Ал Роналдудың командаластары оның бұл әрекетті айлығын көтерту үшін жасап отырған амал деп есептейді.

Бірнеше БАҚ Роналдуды «Манчестер Юнайтед» клубына ауысуға келісім бергендігін жазған.

ДереккөзProsports.kz