Лионель Месси «Барселонамен» келісімшартын төрт жылға ұзартты

Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлады.

30 жастағы футболшы 15 шілде күні өзі ойнап жүрген командамен келімшартын 2022 жылға дейін ұзартатыны туралы айтқан болатын.

Бүгін жарияланған ресми ақпар бойынша, ойыншы келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартады екен. Негізі оның қазіргі келісімшарты 2018 жылдың жазында аяқталады.

Лионель Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан бері ойнап келеді. Сегіз рет Испания чемпионатында, төрт рет Чемпиондар лигасында топ жарды. Бес рет Испания кубогында үздік шықты.

Футболшы каталондық клуб сапында 583 ойынға қатысып, 507 гол соқты.

ДереккөзVesti.kz