Неймар «Барселона» сапындағы 100-голын салды (Видео)

Неймар«Барселона» командасы сапындағы 100 гол соққан 21-футболшы. Мұндай жетістікке отандастары Ривалдо (130 гол) мен Эваристодан (105 гол) кейін қол жеткізіп отыр.

25 жастағы шабуылшы команданың ХХІ ғасырдағы ең үздік сұрмергендері қатарында да төртінші орынға көтерілді. Неймардың алдында Лионель Месси (493 гол), Самуэль Это’О (130 гол) мен Луис Суарес (114 гол) бар.

Айта кетейік, Неймар «Барселона» футбол клубына «Сантостан» 2013 жылы ауысып келген болатын. Футболшы 177 ойында 100 гол соғып отыр.

https://www.youtube.com/watch?v=d4zz4f8LuBA

Дереккөз24.kz