Лионель Мессидің үйлену тойы «ғасыр тойы» атанды

Лионель Месси Антонелла Рокуццомен үйлену тойына 260 адам шақырған. Қонақтардың қатарында атақты футболшылар мен танымал тұлғалар бар.

Футболшының салтанатын жүздеген полиция қызметкерлері күзетуде. Шарадан ақпарат алу үшін 150 журналист аккредиттелген екен.

Лионель Месси мен Антонелла Рокуццоның таныстығы бала күндерінен басталған. Қазір олардың екі баласы бар. Әйелінің жасы 29-да болса, футболшының өзі 30 жасында отау құрып отыр.

ДереккөзBBC.com