Ең көп шағым түсетін орган Ұлттық банк — Премьер-Министр

Халықтан 23 мыңға жуық арыз-шағым келіп түскен. Оның жартысынан көбі Ұлттық банктің атына жолданған. Арызданушылар Данияр Ақышевтан алынған қарыздары бойынша екінші деңгейлі банктерден араша сұрайтын көрінеді. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкіметті халық жағына шығуға үндейді.

Бақытжан Сағынтаев: «Айтылған барлық мәселелерді жинақтап, талдау керек. Одан кейін барып тиісті шешім қабылдаймыз. Ұлттық экономика министрлігіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тұтынушылардың құқықтарын қорғауда берік ұстанымда болуды міндеттеймін. Халықтың құқықтары туралы ақпарат аз деп жатыр, Осы мәселені де назарда ұстау керек»,- деді.

Халықтың 19 пайызының Ұлттық экономика министрлігіне, 11 пайызының денсаулық сақтау ісіне және 10 пайызының орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне көңілі толмайды екен.  Тұтынушылардың тұрғын үй коммуналдық қызметіне де шағымы көп.

ДереккөзKtk.kz