Денсаулық сақтау министрлігінің «Инстаграмдағы» аккаунты жалған

Instagam әлеуметтік желісінде «Денсаулық сақтау министрлігі» атты бірқатар шындыққа жанаспайтын аккаунттарды белгісіз адамдар құрған.

Оларда жарық көрген кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (әр» қарай – ҚР ДСӘДМ) ресми ұстанымы болып табылмайды.

Бүгінгі таңда ҚР ДСӘДМ-нің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ. Сондықтан, ҚР ДСӘДМ ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдау мақсатында хат жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz  ресми сайтында жарияланады.