Басты бет / Жаңалықтар /
Вейб, темекі, шылым, курение,
Фото: Нomel.greenbelarus.info

Қазақстанда вейпке не үшін тыйым салынған?

Қазақстанда вейпті, оған арналған сұйық пен хош иістендіргіш өндіруге, әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынған. Мұндай шектеу 2024 жылы күшіне енді. Көпшілік электронды темекі немесе вейп кәдімгі темекіге қарағанда қауіпсіз деп ойлайды. Алайда мамандар мұндай пікірге келіспейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, вейп құрамында никотин мен денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін басқа да химиялық заттар болады. Оны көп шеккендегі әсері әлі толық зерттелмеген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Вейп дегеніміз не?

Вейп немесе электронды темекі – арнайы сұйықты қыздыру арқылы аэрозоль түзетін электронды құрылғы. Бұл аэрозольдің құрамында никотин, хош иістендіргіш, еріткіш пен басқа да химиялық қосылыс болуы мүмкін.

ДДСҰ мәліметінше, кейбір өнімдер «никотинсіз» деп сатылғанымен, зерттеулер барысында олардың құрамынан никотин анықталған деректер бар. Сондықтан мұндай өнімді толық қауіпсіз деуге болмайды.

Вейп темекімен салыстырғанда қауіпсіз бе?

Мамандардың айтуынша, бұл сұраққа біржақты жауап жоқ.

ДСДҰ электронды темекіні қауіпсіз өнім деп мойындамайды. Ұйымның мәліметінше:

  • вейпті көп уақыт шеккендегі әсері толық зерттелмеген;
  • оның аэрозолінде өкпеге зиян келтіруі мүмкін химиялық заттар бар;
  • никотинге тәуелді қылу;
  • вейп жүрек-қан тамырлары жүйесіне де кері әсер етуі мүмкін.

Сондықтан электронды темекіні зиянсыз балама деп қарастыруға болмайды.

Вейптің денсаулыққа қандай зияны болуы мүмкін?

ДДСҰ электронды темекіні қолданудың мынадай қаупі бар екенін айтады:

  • никотинге тәуелді қылу;
  • жүрек жиі соғатыны мен қан қысымының жоғарылауы;
  • өкпенің зақымдану қаупі;
  • аяғы ауыр әйелдер мен ұрық денсаулығына қауіп;
  • бала мен жасөспірім миының дамуына кері әсер етуі.

Мамандар, әсіресе жасөспірімнің вейп шегетініне алаңдайды. Өйткені никотин ми толық қалыптасқанға дейін оның дамуына әсер етуі мүмкін.

Қазақстанда вейпке не үшін тыйым салынды?

Қазақстанда вейпті, оған арналған сұйық пен хош иістендіргіш өндіруге, әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынған. Мұндай шектеу 2024 жылы күшіне енді.

Мемлекет бұл шешімді қоғамдық денсаулықты қорғау және әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында никотинге тәуелді болуды азайту үшін қабылдады.

Заң бұзғандар қандай жауапкершілікке тартылады?

Қазақстан заңнамасы бойынша, вейпті заңсыз өндіру, әкелу немесе сату үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Заңда айыппұлдан бастап қоғамдық жұмыстарға тарту, ал ауыр жағдайда бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Темекіні тастағысы келетіндерге кеңес

ДДСҰ темекі тастағысы келетін адамдарға вейпті өз бетінше қауіпсіз балама деп қарастырмауға кеңес береді. Темекіден бас тарту үшін дәрігермен кеңесіп, ғылыми тұрғыдан дәлелденген емдеу әдістері мен никотинге тәуелді болғаннан арылуға арналған бағдарламаларды қолданған дұрыс.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram