27 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бүгін бірқатар өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай кезінде желдің екпіні 17-22 м/с болады.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с болады.