Криштиану Роналду Мессидің рекордын жаңартты

Кардиффте өткен финалда «Реал» «Ювентус» командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Роналду Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаға 20-шы минутта доп дарытып, Чемпиондар лигасының үш финалында да гол соққан бірінші футболшы атанды.

Ойынның 64-ші минутында Роналду дубль жасады. 32 жастағы португал жалпы 12 доп соғып, осымен бесінші маусым турнирдің үздік бомбардирі атанды.

Бұған дейінгі рекорд Лионель Мессидің еншісінде еді. Ол Чемпиондар лигасының 2008/09, 2009/10, 2010/11 және 2011/12 маусымдарында үздік бомбардир атанған болатын.

ДереккөзVesti.kz