ЭКСПО-ны тамашалау көрсеткіші 1 млн-нан асты

«Бір қонағымыз бір күннің ішінде 5-6 павильонды көріп үлгереді. Біздің есебімізге сәйкес, осы уақытқа дейін көрмеге 26 мыңнан астам шетел азаматы келіп кетті. Ол барлық қонақтардың 13 пайызын құрап отыр», — деді Бейбіт Қарымсақов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Мәлімдеме бойынша, көрмеге келген 10 адам — 6 жасқа дейінгі балалар болса, мүгедектер мен ардагерлердің саны 2 мыңнан асты.

«14 мың адам ол — оқушылар, студенттер мен зейнеткерлер. Қазіргі динамикаға қарасақ, көрмеге келетін адамдардың саны күн сайын артып келеді. Мысалы, алғашқы күні 17 мың адам келсе, өткен жұмада 34 мыңнан астам адам келіп кетті», — деп атап көрсетті компанияның басқарушы директоры.

Еске салайық, жоспар бойынша Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келіп кететін адамдардың саны 2-2,5 млн болады. Ал павильондарды көріп кету көрсеткіші 5 млн-ға жетуі тиіс.Өйткені бір адам, кем дегенде, екі рет келіп кетеді деген болжам бар.

ДереккөзInform.kz