WBA тұжырымы бойынша боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) «тұрақты» чемпион титулынан айырылып қалды. Бұл атақ бұған дейін ұйымның «уақытша» чемпионы болған кубалық Юниер Дортикосқа (21-0, 20 КО) бұйырды.
Айта кетейік, Шүменов пен Дортикос сәуір айында қолғап түйістіруі керек еді. Алайда отандасымыздың жарақатына байланысты жекпе-жек болмайтын болды. Аталған кездесуде WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынауы керек болатын.