Бейбіт Шүменов пен Юниер Дортикостың кездесуі болмайды

Бұл туралы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетуі керек болған «Kazsport» телеарнасына Бейбіт Шүменовтің менеджері хабарлады.

Еске сала кетейік, бірінші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулына арналған жекпе-жек 30 сәуірде Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған еді.

Аталған кездесуде WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынауы керек болатын.

ДереккөзVesti.kz