Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Құмар Ақсақалов тағайындалды

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы  В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын бітірген.

1987-1989 ж.ж. Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері, 1989-1991 ж.ж. Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1991-1992 ж.ж. Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженері, 1992-1993 ж.ж. Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры, 1993-1996 ж.ж. Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары, 1996-1998 ж.ж. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президенті, 1998-2002 ж.ж. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі, 2002-2004 ж.ж. Қостанай облысы Таран ауданының әкімі, 2004-2006 ж.ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2006-2010 ж.ж. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2010-2014 ж.ж. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, 2014-2015 ж.ж. «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.