Негізгі мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /
ауа райы
Фото: Goroskope.net

Алдағы үш күндегі ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай, әлі де Қазақстанның көптеген облыстарында күтілуде.

«Бірақ ауа температурасы осы ретте климаттық нормадан 3-5ºС жоғары, өйткені орныққан оңтүстік батыс тропосфералық ағындармен бірге Қазақстанға  Иран  аудандарынан өте жылы ауа келуде.  Сондықтан қазірдің өзінде кей жерлерде болып жатқан +30… 38°C ауа температурасы, алдағы үш тәулікте, Еуропалық Ресейдің орталық бөлігінен ылғалды және салқын ауа келе бастаған батыс аумақтардан басқа, барлық жерде болады деп күтілуде» делінген хабарламада.

Астанада 15 маусымда: көшпелі бұлт шығады, түстен кейін жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа темпертурасы +19+21°С, күндіз +30+32°С.

16 маусымда: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Температура түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С.

17 маусымда: көшпелі бұлт шығып, оқта-текте жауын жауады, найзағай ойнайды. 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С.

Алматыда 15 маусымда: көшпелі бұлт шығады, жауын жаууы мүмкін. Түнде ауа темпертурасы +18+20°С, күндіз +28+30°С.

16 маусымда: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Температура түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.

17 маусымда: көшпелі бұлт шығып, жауын жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

 

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook