ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне санаулы сағаттар қалды

Мемлекет басшылары Көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады. Әрі қарай Мемлекет басшылары Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысатын болады. ЭКСПО-2017 Көрмесінің Ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.

Сондай-ақ, «Қазақстан» телеарнасы аталмыш шараны ақпараттандыра отырып, көрме аяқталғанша эфирде «ЭКСПО-2017» логотипін орналастырмақ. Барынша масштабты түрде ақпарат тарату мақсатында «Қазақстан» РТРК» АҚ «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми хост-бродкастері болды. Хост-бродкастер барлық 3 ай бойы көрме аумағынан телевизиялық және радиохабар тарататын болады. Көрерменнің сұранысын ескере отырып, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы оқиға орнынан үздіксіз хабар таратпақ ниетте. Телевизиялық сигнал алдын ала берілген өтінімдер бойынша көрменің медиаорталығына, ҚМО және шетелдік ақпарат құралдарына беріліп отырады.

Күн сайын Халықаралық көрме аумағында 10 және 5 камера жұмылдырылған 4 ЖТС (жылжымалы телевизия стансалары), 2 МСС (мобильдік спутник стансалары), жылжымалы кейстер базасындағы 4 ЖТС жұмыс істейтін болады. Жалпы, ЭКСПО-2017 ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыруға «Қазақстан» РТРК» АҚ барлық техникасы мен 146 техникалық қызметкері жұмылдырылады.

Айта кетерлігі, live-режимде шараның ашылуы салтанатынан хабар таратуға бірнеше еуропалық және америкалық арналар өтінімдерін алдын ала беріп қойды. «Астана «ЭКСПО-2017» бродкастингін ұйымдастырудағы басты ерекшелік – тиісті аймақтық телеарналардан бастап, халықаралық телеарналардың барлығы Көрмедегі түсірілімді тегін пайдалана алатын болады.

«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында тиісті келісімшартқа 2017 жылғы 2 мамырда қол қойылды. Көрменің ашылу салтанатын бүгін 19:00-де тікелей эфирден көре аласыздар.

Салтанатты ашылу рәсімінің жоспары:

19:00 – Іс-шараның хаттама бөлігі (Көрме аумағы);

20:17 – Ресми бөлігі. ЭКСПО-2017 Көрмесінің Салтанатты ашылу рәсімі (Конгресс-Орталығы);

21:30 – Концерттік бағдарлама (Амфитеатр);

22:30 – Проекциялық лазерлі шоу (Сфера);

22:45-22:55 – Фейерверк.

Назарларыңызға ЕХРО 2017 қалашығындағы соңғы дайындық жұмыстарынан фоторепортаж ұсынамыз: