Бірқатар аймақта бұршақ жаууы мүмкін

7 маусым күні жаңбыр найзағаймен күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жауады, екпінді жел болып, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қызылорда, Ақтөбе, күндіз  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік күтіледі.

Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыс, оңтүстік-батыстан  соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +7+9°С, күндіз +20+22°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел батыстан соғады, күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10 м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.

ДереккөзKazhydromet.kz