Басты бет / Жаңалықтар /
Үсік
Көрнекі сурет

Алдағы күндері үсік жүріп, бұршақ жауады

30 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.

«Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауаның температурасы күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі», — делінген хабарламада.

31 мамырда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-20 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Астана қаласы: 30 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Күндіз қатты жаңбыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз