Елімізде бизнес жүргізуге ең қолайлы қай қала?

Aймақтардағы кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесі төрт негізгі көрсеткіш бойынша бағаланған. Олар: кәсіпорынды тіркеу, құрылысты жүргізуге рұқсат алу, электр қуатымен қамту жүйесіне қосылу және жылжымайтын мүлікті тіркеу.

Байқау Қазақстандағы кәсіпкерлік ең жақсы дамыған 8 қаланың арасында жүргізілді. Рейтингтің көшін Алматы қаласы бастады. Сондай-ақ алғашқы орындардан Ақтөбе, Қостанай, Павлодар мен Шығыс Қазақстан аймақтары тұрса, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы рейтингтің соңғы сатыларына жайғасқан.

Сарапшылардың айтуынша, болашақта кәсіпкерлік климат еліміздің барлық өңірлерінде бағаланады.

«Біреу бірінші орын алады, ол деген жақсы-жаман деген емес, ол деген жұмыс. Бүкіл дүниежүзінде 189 мемлекет бар сол рейтингте. Ол деген инвесторлардың шешім қабылдауына, қайда инвестиция салуына әсер ететін, ықпал ететін өте маңызды нәрсе», — дейді Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары.

Дереккөз24.kz