«Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жаңа атмосфералық фронттар ығысуда. Сондықтан, алдағы үш тәулікте көптеген облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ, қатты дауылды жел тұрады. Оңтүстік пен шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр болуы мүмкін. Осы ретте ауа температурасы климаттық нормаға жуық және төмен болады деп күтілуде», — делінген синоптиктердің болжамында.
Астанада 6 маусымда: көшпелі бұлт шығады, күндіз оқта-текте жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С.
7 маусымда: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс, батыстан 9-14 м/с жел соғады. Температура түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С.
8 маусымда: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С.