«Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті бастаған Өскемен қаласындағы мешіттердің имам-молдалары мен ұстаздарынан және ерікті жамағаттан құралған 60-қа тарта көлік тұрғындарды тегін тасымалдап жүр. Олардың қатарында 2-3 жеңіл автобустар бар. Бастама халықтың көңілінен шығып отыр» деді, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.
Бұл қызметке қала тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп жатыр.
«Біз, қала тұрғындары «Имам таксиді» жылда Рамазанда асыға күтетін болдық. Имамдар тұрғындарды тасымалдау барысында жол үстінде түйткілді сауалдарымызға жауап беріп, емен-жарқын пікірлеседі, осындай ізгілік қазіргі қоғамға ауадай қажет,» -дейді мешіт жамағаты.
Айта кетейік, бұл шара өткен жылы да ұйымдастырылған болатын.