Әйел адамдар Рамазан айына қалай дайындалуы керек?

  1. Оразаны артық салмақ тастау, денсаулықты қалпына келтіру т.б мақсаттар үшін емес, тек Алланың разылығы үшін ұстау керек.
  2. Рамазан – күнәлардың кешіріліп, дұға-тілектердің қабыл болатын уақыты. Сондықтан Алла тағаладан жиі кешірім тілеп, дұғаларыңызды арттырыңыз.
  3. Өткен Оразадан қарызыңыз бар болса, Рамазан айы келгенге дейін өтеуге тырысыңыз.
  4. Егер бірінші рет ауыз бекітуге ниеттеніп отырсаңыз, Оразаға дейін 2-3 күн ораза тұтып, «жаттығу» жасаңыз.
  5. Әйел адамдар ерлерге қарағанда көп сөйлеп, ғайбат айтуға жақынырақ болады. Сондықтан ондай жаман әдеттеріңізден бүгіннен бастап арылыңыз. Себебі Алла тағала ораза тұтып, бірақ, өсек, өтірік айтатын жандардың оразасын қабыл етпейді.
  6. Бұл Қасиетті айда Жаратушымызға жақындай түсіп, рухани байығыңыз келсе, жиі Құран оқып, дұға етіп, құлшылықтарыңызды арттырыңыз.
  7. Оразаға 1-2 күн қалғанда үйіңізді, аулаңызды толықтай тазалап шығыңыз. Аузыңыз берік уақытта шаршап қалмау үшін үйді сырлау, әктеу, жөндеу сияқты ауыр жұмыстарды Рамазан айына дейін жасап алыңыз.
  8. Сондай-ақ ауыз бекіткенде, ауыз ашқанда жейтін пайдалы тағамдарды алып дайындап қойыңыз.
  9. Бүгіннен бастап ащы, майлы, кофе сияқты шөлдететін, асқазанға салмақ түсіретін тағамдардан бас тартып, ағзаңызды жеңіл әрі құнарлы тағамдарға үйретіңіз.
ДереккөзAsylsoz.kz