Астанаға Джеки Чан келеді

Бұл шараның бас ұйымдастырушылары — «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер – Джеки Чан.

Осы шарада Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер — Джеки атты қытай археологын сомдап шықты.

Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

ДереккөзBnews.kz