Елімізде теміржолшыларға арнап тұрғын үй салынады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесу барысында президентке компанияның өткен жылғы қызмет қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары таныстырылды. Мәліметке сәйкес, тарифтік жүк айналымы 10%-ға өсіп, 289 миллиард тонна-шақырымды құраған. Ал тасымал көлемі 5,5%-ға артып, 320 миллион тоннаға жеткен.

Экспорттық тасымал көлемі 89 миллион тоннадан асса, жүк транзиті 20%-дан астам өсіп, 33 миллион тонна болды. Былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі арқылы 6 миллион тоннадан астам жүк немесе 100 мыңнан аса вагон тасымалданған.

Талғат Алдыбергенов теміржол инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда іске асырылып жатқан жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырым болды. Сонымен қатар қауіпсіздік пен тиімдікті арттыру мақсатында жасанды интеллект элементтері енгізілген цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол саласындағы әлеуметтік мәселелердің маңыздылығына тоқталып, теміржолшылар үшін қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын қолдады. Президент саланы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да