2 маусымға арналған ауа райы болжамы

Тек елдің батысы мен солтүстік батысы фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ал желдің екпіні 15-25м/с-ге жетеді деп күтілуде.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік батысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін, күндіз және түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Астана қаласында күн райы бұлтты, бірақ жауын болмайды.

Алматы қаласында өткінші жаңбыр жауады. Желдің екпіні – 2-7 м/с.

ДереккөзBaq.kz