Астана «ақылды» шамдармен жарықтандырылды

Елорда циркінің аумағында да энергия үнемдейтін Green Light жүйесі орнатылды.

«Олардың қуаттылығы 200 ватт, яғни, біздің кәдімгі қолданыстағы шамдардан қуаттылығы сәл ғана аз, алайда 12 вольттан бастап жұмыс істейді. Сәйкесінше мұндай шамдардың энергияны тұтыну көлемі өте аз. Бұл өз кезегінде қуат көзін едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді», — деп түсіндірді энергия көздерін жаңарту жобасының басшысы Рустам Қадыров.

Мұндай шамшырақтар Қазақстанда жасалған, көше шамдарының кескіні Елорда циркіне арнайы жасап, дайындалған.

«Шамның дизайны біздің тапсырмамыз бойынша жасалды. Біздің цирк беймәлім ұшып жүрген нысан келбетінде, сол себептен шамшырақтар да осы кескінге сай футуристік үлгіде жасалды. Ішкі және сыртқы жақтары, дизайны — барлығы Қазақстанда жасалып, құрастырылды», — деді Р. Қадыров.

Жақын уақытта Green Light жүйесі бойынша Елорданың барлық саябақтары жарықтандырылмақ.

ДереккөзInform.kz