Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанадағы LRT-ға жаңа атау берілуі мүмкін

Фото: Астана әкімдігі
Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) атауын өзгерту мәселесі мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланды. Нәтижесінде жобаға «Тарлан Астана» атауын беру ұсынысы қолдау тапты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабектің айтуынша, қоғамдық ұйымдар тарапынан LRT жүйесіне атау беру бойынша бірнеше ұсыныс түскен. Қалалық ономастика комиссиясының отырысында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан», «Аспан», «Тарлан» және басқа да нұсқалар қаралған.

Комиссия мүшелері Астана LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіне «Тарлан Астана» атауын бір ауыздан қолдады, – деді Досжан Исабек.

Енді бұл ұсыныс қарау және түпкілікті шешім қабылдау үшін Республикалық ономастикалық комиссияға жолданады.

Егер ұсыныс мақұлданса, елордадағы LRT жобасы ресми түрде «Тарлан Астана» атауымен жұмыс істейтін болады.