Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда 5 мыңнан аса студентке жатақханадан орын жетпейді

Фото: Алматы әкімдігі

Не болды?

Бүгін үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс жүріп жатыр.

2018 жылы тіркелген 82 мың орындық тапшылықтың басым бөлігі жойылды. Қазір жатақхана мәселесі көп өңірде шешімін тапқан, оның ішінде Астанада да орын тапшылығы жоқ, — деді министр.

Алайда Алматыда мәселе әлі толық шешілмеген. Қазір қалада студенттер үшін 5 176 орын жетпейді.

Министрдің мәліметінше, жағдайды жақсарту үшін жыл соңына дейін, шамамен 20 жаңа жатақхана тұруға беріледі.

Контекст

Естеріңізге салайық, биыл 89 457 мемлекеттік грант бөлінді.