Не болды?
Қазақстанда енді ипотека мен кредит алу қиындауы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2027 жылдан бастап қарызы көп азаматтарға ипотека, кредит берілмейді және әр қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентінің (КБК) шекті сомасын бекітеді. Енді азаматтардың жалпы қарызы жылдық табысынан сегіз есе артық болмауы керек. Егер шекті сома асса, банк ипотека, автокредит, бөліп төлеу немесе тұтынушылық кредит бермейді.
КБК деген не?
КБК 2024 жылғы тамызда тәжірибеге енген, қазір банктер мониториң кезеңде қолданып отыр. Бұл көрсеткіш қарыз алған азаматтың өтемеген кредиті, оның ішінде жоспардағы жаңа кредиті бойынша жиынтық берешегінің жылдық кірісіне қатынасын айқындайды. Демек, КБК — қарыздың кіріске қатынасы. КБК-ның жоғары мәні борыш жүктемесінің ұлғайғаны мен қарыз алушының төлем қабілеті төмендегенін көрсетеді. Қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициенті (БЖК) сияқты, КБК да қарыз беру туралы шешім қабылдауға әсер етеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, ломбардтағы қарыз несие немесе ипотека алуға кедергi емес. Алайда қаржы ұйымының шешіміне әсер етуі мүмкін.
