Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ломбардтағы қарыз несие алуға әсер ете ме?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Ломбардтағы қарыз несие немесе ипотека алуға кедергi болмайды. Алайда қаржы ұйымының шешіміне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, несие беруге өтінімді қарау кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушының қаржылық жағдайын және қарыз өтеу қабілетін бағалайды. Бұл кезде несие тарихы маңызды рөл атқарады. Ломбардтар қарыздар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге міндетті.
Егер қарыз алушы микрокредитті уақытында өтемесе, ломбард кепілге қойылған мүлікті кемінде 30 күн сақтауға міндетті. Осы кезеңде қарыз алушы қарызды төлеп, өз затын қайтара алады. Осы мерзім өткеннен кейін ломбард кепілді сатуға не оны өз меншігіне ресімдеуге құқылы. Нәтижесінде ломбардтағы заттарды кепілге қою туралы шарт және микрокредит беру туралы шарт өз қолданысын тоқтатады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда шариғатқа сай жаңа шетел банкі ашылады.