Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда халықтың жалақысы азайып кеткен

Фото: Жасанды интеллект

Не болды?

Қазақстанда 2025 жылы еңбек өнімділігі кейінгі бірнеше жылда алғаш рет 6%-дан асты. Алайда халықтың нақты табысы керісінше азайып кеткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр халықтың жалақы мөлшері 1,4% төмендеген.

Қалыпты жағдайда еңбек өнімділігі артса, жалақы да өсуі керек. Елдегі инфляция бұл заңдылықты бұзған. Кейінгі кезде елімізде еңбек өнімділігі мен жалақы арасында айырмашылық білінеді, – дейді сарапшылар.

Еңбек өнімділігі қай салада жоғары және төмен?

Energyprom дерегіне қарағанда, ең жоғары еңбек өнімділігі тау-кен секторында тіркелген. 2025 жылы бұл салада бір жұмысшыға шаққандағы көрсеткіш 64,7 млн теңгеге жеткен. Көрсеткіш елдегі орташа деңгейден бірнеше есе жоғары.

Білім беру, денсаулық сақтау және сараптама қызметі секілді әлеумет саласында еңбек өнімділігі керісінше төмендеген. Мысалы, білім беру саласындағы өнімділік 1,1%, денсаулық сақтау саласында 3,2% азайған.

Халықтың жалақысы азайып кеткен

Салаларда жалақы өспеген, керісінше азайып кеткен. Білім беру саласындағы жалақының зат, қызмет сатып алу қабілеті 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 4,1%, денсаулық сақтау саласында 4,5%, ал сараптамалық жұмыс бағытында 2,2% төмендеген.

Бұл жағдайды қалай болғанда да оң деуге болмайды.

Өңірлердің еңбек өнімділігінде дисбаланс бар

Өңірлер арасында да айтарлықтай айырмашылық бар. Ең жоғары еңбек өнімділігі Атырау облысында тіркелген – бір жұмысшыға 40,3 млн теңге. Бұл көрсеткіш мұнай-газ секторы болғандықтан жоғары. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан (5,1 млн теңге), Жамбыл (5,6 млн теңге), Алматы (28,4 млн теңге) және Жетісу (6,8 млн теңге) облыстарында тіркелген.

Контекст

Естеріңізге салайық, еліміздегі ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу керек деп хабарланған. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтқан еді.