Басты бет / Жаңалықтар /
нан
Фото: Айгүл Хожантаева

Алматыда әлеуметтік нан, қант және жұмыртқа бағасы белгіленді

«Алматы» ӘӘК мен «Алматынан» арасында әлеуметтік нан өндіру және өткізу жөнінде келісім жасалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, келісімде бірінші сұрыпты ұннан дайындалатын жалпы көлемі 3 846 154 бөлке бидай наны сатылады. Бір бөлке нанның босатылу бағасы 130 теңге болып белгіленген. Ал сауда үстемесі 15%-дан аспауға тиіс.

Кейбір дүкендер мен сауда желілері өнімді үстемесіз де сатуы мүмкін. Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру шаралары 2027 жылғы мамырға дейін жалғасады. Өнім ірі супермаркеттер мен шағын азық-түлік дүкендерінде қолжетімді болады. Сонымен қатар Алматыда әлеуметтік маңызы бар өзге де азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жұмыртқа, құс еті және қант бағасын тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, Сары-Бұлақ құс фабрикасымен бірінші санаттағы 86,4 миллион жұмыртқаны белгіленген бағамен жеткізу туралы келісім жасалған. Бір жұмыртқаның бағасы 59 теңгеден аспайды. Өнім Magnum, Small, Metro, A-store сауда желілерінде және Алатау-құс дүкендерінде сатылады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Алатау-құс» және Nauryz Agro KZ компанияларымен құс еті бағасын тұрақтандыру жөнінде келісімдер жасалған. Қазіргі таңда «Алатау-құс» фирмалық дүкендерінде сан еті мен жілігі 1 келісі 1100 теңгеден, ал сирағы 1650 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Nauryz Agro KZ компаниясымен сан еті мен жіліктің бағасы 1 келісі үшін 1300 теңге деңгейінде бекітілген. Бұл өнімдерді Magnum Cash&Carry сауда желісінен 1495 теңгеден аспайтын бағамен сатып алуға болады. Бағаны тұрақтандыру мерзімі үш жылға дейін қарастырылған.

Бұдан бөлек, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті өндірушілерден 4,5 мың тонна түйіршіктелген қант сатып алған.

Қант Magnum, Small, Toimart, «Столичный», «Юбилейный» және өзге де сауда орындарында 10%-дан аспайтын үстемемен сатылып жатыр. Босатылу бағасы 1 келісі үшін 405 теңге деңгейінде белгіленген. Қант бағасын тұрақтандыру шаралары биылғы қараша айына дейін жалғасады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook