Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, ауа райы, ауа сапасы, табиғат
Фото: Алматы әкімдігі

Қазақстан қалаларында 18 мамырда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 18 мамырдағы Қазақстан қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +25…+27°C. Топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C.

Ақтауда күн ала бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +20…+22°C.

Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.

Атырауда күн ала бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады, шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +28…+30°C.

Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.

Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.

Көкшетауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 1…3°C үсік болады, күндіз +22…+24°C.

Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +25…+27°C.

Қызылордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 1…3°C үсік болады, күндіз +18…+20°C.

Петропавлда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 1…3°C үсік болады, күндіз +22…+24°C.

Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 1…3°C үсік болады, күндіз +16…+18°C.

Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +26…+28°C.

Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.

Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.

Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 1…3°C үсік болады, күндіз +13…+15°C.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram