«Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Зерде-Керамика», «Хамит» АӨК, «Бал Текстиль» ЖШС, « АртСапалы құрылыс» ЖШС, «Мадлен» ЖШС мен  жеке кәсіпкер «Құдайбергенов» компаниялары жеңімпаздар қатарынан көрінді. Аталған жеңімпаздар Астанада өткізілетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға жолдама  алды.

Оңтүстік Қазақстанның тауар өндірушілерін қолдау және оларды халыққа кеңінен таныстыруды мақсат тұтқан шараға күнгейде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс саласына қатысты 200-ден астам тауар өндіруші қатысты.

Жеңімпаздарды еліміздің  Дін істері және азаматтық қоғам  министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықтың таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызды стартап» атты номинациялармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

ДереккөзNaryk.kz