Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, осыған байланысты 13 мамыр сағат 08:00-ден 14 мамыр сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс карталар» қолданбаларында жарияланады.
