Не болды?
2026 жылғы негізгі ҰБТ басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, 2026 жылғы негізгі ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Жалпы талапкерлер саны — 240 мыңға жуық. Екі тест мүмкіндігін қоса есептесек, 446 мыңнан астам өтініш түсті. Былтыр 216 мыңға жуық талапкер, екі тест мүмкіндігін есепке алғанда 399 мың өтініш түскен еді.
Талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ға жуығы орыс тілінде, ал 851 адам ағылшын тілінде тест тапсырады, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2027 жылдан бастап пилоттық режимде AIT (Admission Insight Test) деп аталатын жаңа тест іске қосылады.
