27 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болып, 15-20 м/с-пен жел соғады.

Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі болжануда.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының топырақ беткейінде 2 градус үсік болады.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

ДереккөзBaq.kz