«Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның азаматы болуға ниет білдіруші адамдар санының ұдайы өсуі байқалады. Осы жылдар ішінде еліміздің халықаралық беделі айтарлықтай өсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында этносаралық қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасты, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы нық қадамдар жүзеге асырылды»,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Отырыста Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шет елден келген түрлі этностың 640 өкілі қазақстандық атанатын болады. Сондай-ақ өз сөзінде мемлекеттік хатшы оларға еліміздің лайықты азаматы бола отырып, егемен Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосатындықтарына сенім білдірді.
Комиссия отырысының қорытындысында тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.