23 жасқа толған Димаш Құдайберген туралы 23 қызықты дерек

Қытайдағы кіл мықтылардың басын қосқан «I am singer» жобасы басталысымен-ақ ол мамандар назарына ілікті. Алғашқы сайыс күні Даниель Балавуанның «SOS d’un terrien en detresse» әнін өте жоғары деңгейде орындап, көрермендер көзайымына айналды. Тіпті, жоба мамандары «Тәңір өзі назарына алған жас әнші» деп жоғары баға берді. Міне, сол күннен бастап Димаштың бағы жанды.

1. Димаштың PR менеджері әрі жақын досы – Алпамыс Шаримов.

2. Димаштың кіндік әкесі – Ұлықпан Жолдасов, ал кіндік анасы – Айған Жолдасова.

3. Димаш атасы мен әжесінің қолында өскендіктен оларды «мама-папа» деп атайды.

4. Оның азан шақырып қойылған есімі – Дінмұхаммед, ал Димаш деп қысқартып айтуды өзі сұраған.

5. Димаш — үйінің тұңғышы. Одан өзге Раушан және Әбілмансұр есімді қарындасы мен інісі бар.

6. Димаштың қытайша аты 迪玛希 (mandarin)/迪瑪希 (Hongkong). Ат қоюға таңдалған иероглифтер di 迪—жету (мақсатқа жету); ma 玛(асыл тас); xi希 — үміт, тілек, арман деген мағына береді.

7. Димаш анасы 1 курс оқып жүрген, ал әкесі университеттегі оқуын жаңа бітіріп жатқан кезде дүниеге келген.

8. Ол өте бауырмал әрі балажан жігіт.

9. Ең алғашқы бейнебаяны «Дайдидау» әніне түсірілген.

10. Ол Қазақстанның 25 жылдығына орай елімізде 25 концерт ұйымдастырған.

11. Димаш туралы тағы бір қызықты деректің бірі, оның шынтақ тұсында хал секілді жүрекке ұқсас белгі бар.

12. Димаштың дауысы ең сирек кездесетін дауыстардың бірі, ең жоғарғы ноталарды алатын – контратенор.

13. Димаш «Americana» білім орталығында ағылшын тілін оқыған. Содан да болар, ағылшын тіліндегі әндерді еркін айтады.

14. Әнші бала кезінде өте қиялшыл болған. Өзге балалар мультфильм кейіпкерлерінің суреттерін, көліктерді салып жатса, ол микрофонды және өзінің сахнада тұрған суреттерін салған.

15. Димаш өте қарапайым. Өзін жұлдызбын деп санамайды, оның айтуынша жұлдыздар тек аспанда болады.

16. Оған нәзік, биязы, тәрбиелі һәм мінезі жақсы қыздар ұнайды және де ең басты қоятын талабы – ата-анасын сыйлау.

17. Димаш Құдайбергеннің «I am singer» ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімі 158 890 юаньға (7,2 миллион теңге) сатылды.

18. Бұрынырақта Димаш әртүрлі шет елдердегі байқауларға қатысуға қатты асығып жүретін болған. Оған басты себеп – сабаққа бармау. Бүгінде ол арманы орындалды десе де болады.

19. Димаш Ресейлік әнші Александр Панайотовтың әндерін ұнатады.

20. Димаштың фандомы – Dear, барлығын бірге қосқанда (көпше түрде) – Dears. Dear – ағылшын тілінен аударғанда «Құрметті» деген мағынаны білдіреді.

21. Димаш Play Station ойнағанды жақсы көреді.

22. Димаш үйдің тамағын жақсы көреді. Негізінен, ашқылтым тамақты, қуырманы, қызанақ, қияр, «морской» тамақты ұнатады.

23. Қытайдың weibo желісінде Димаш Құдайберген туралы 84 мың ақпарат жарияланып, оқылым саны 3 млрд 640 млн-ға жеткен.

Дереккөзmassaget.kz