«Дайдидау» әнін жарты әлем тыңдайтын болды

Бұл сүйінші хабарды бізге Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев жеткізді. Қ.Айтбаевтың айтуынша, халықаралық радио өкілдері «Қазақ» радиосына ұсыныспен шығып, қазақ халқының ұлттық болмысын көрсететін ән сұраған.

— Бізге хат кеш жеткен болуы керек, әлде бір жерде кідіріп қалды ма, әйтеуір, бұл жақсы хабарды бізге Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде қызмет етіп жатқан жастар жеткізді. Аталған университетте жұмыс істейтін Ұшқын Сайдрахман деген жігіт халықаралық Евро радиосына бір ән ұсынуымызды сұрады. Оған Малайзиядағы Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы штаб-квартирасының қызметкері Нұрзада Күмісбек қолқа салыпты. Ұшқын қажетті құжаттарды шет тілінде толтырып, соның көмегімен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халық әні «Дайдидауды» ұсындық. Ән барлық талаптарға сай келген. Әлібек Дінішевтің орындауындағы халық әні «Ақбақайды» ұсыну туралы да пікірлер болды. Дегенмен ойласа келе «Дайдидауды» жіберуді жөн көрдік, — дейді «Қазақ» радиосының «Алтын қорының» музыкалық редакторы Гауһар Қозыбаева.

Мәселенің мәні былай: 13 ақпан — Халықаралық радио күні. Бұл күнді тойлау 2011 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша қабылданған және 2012 жылы алғаш рет атап өтілген. Осы мерекеге байланысты Европа хабар тарату одағы мен Азия Тынық мұхиты хабар тарату одағы биыл халықаралық Евро радиосының арнасында «80 минутта барлық әлем» атты іс-шара ұйымдастырмақ. Бұл шара барысында радио желісінен осы хабар тарату желілеріне мүше елдердің барлығының сол елдің мәдениеті мен болмысынан хабар беретін ұлттық әндері шырқалатын болады. Сол әндер қатарына биыл тұңғыш рет қазақ әні енгізілді: Димаштың орындауындағы «Дайдидау»!
Қанат Айтбаевтың айтуынша, Димаштың орындауындағы бұл ән белгілі аранжировщик Бақытбек Зейнеловтің өңдеуінде жіберілді. Википедия еркін-энциклопедияға сенсек, Европа хабар тарату одағы мүшелігінде Еуропа, Солтүстік Африка және Таяу Шығыстағы 56 елдің 72 компаниясы, ал Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағында Азия-Тынық мұхиты аумағының 57 еліндегі 72 компания бар. Екі одақтың әлеуетті аудиториясы кемінде 4 миллиард адам. Бұл Димаштың орындауындағы қазақтың халық әнін жарты әлем тыңдайды деген сөз.

Айтпақшы, Қанат Айтбаев тағы бір жақсы жаңалықпен бөлісті. Көктемде Димаш Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының мұрындық болуымен АҚШ-тың Вашингтон, Нью-Йорк қалаларында өткізілетін шараларға ресми шақырту алған.

ДереккөзАқтөбе

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда велошеруге байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді

Алматыда 4 маусымда мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтеді. Осыған байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Президент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электрон билет сату жүйесімен және Алматыдағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты.

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Оралда VI Uralsk Green Forum халықаралық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғау құндылығын арқау еткен форумда жолы «ESG мен тұрақты даму принциптерін интеграциялаудағы жаңа трендтер» тақырыбы көтерілді.

Елена Рыбакина Ролан Гаррос матчына неге шықпағанын түсіндірді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің матчына неге шықпағанын түсіндірді.

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Таиландта теңізге түскен қазақстандық жансақтау бөлімінде жатыр

Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.