I am Singer жобасының «Хабар» арнасында көрсетілетін уақыты белгілі болды

«Мен әншімін» байқауs tң алғаш 2013 жылы ұйымдастырылған. Ол Қытай еліндегі ең үздік музыкалық байқаулардың бірі, сондай-ақ «Хунань ТВ» арнасының ең танымал музыкалық шоуы. Сондықтан бұл жобаның рейтингі өте жоғары.

Қазіргі таңда «I Am a Singer» шоуы Канада, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Еуропа мемлекеттерінде көрсетіледі. Себебі, оған Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур және Қазақстан азаматтары қатысады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов – жобаға Орталық Азиядан қатысып жатқан алғашқы әнші.  Енді қазақстандық көрермендер де жобаны «Хабар» арнасынан көре алады. Ол әр сенбі сайын сағат 16.15-те болады.

ДереккөзKhabar.kz