Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстан мектептерінде оқу жылындағы ең ұзақ әрі күрделі саналатын үшінші тоқсан мәреге жетіп қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көктемгі каникул 19 наурыздан басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге жалғасады. Демалыс кезеңіне елдегі бас мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы да кіреді. Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай күндер ауысатындықтан, оқушылар 9 наурызда қосымша демалады.

Көктем басталғанымен, еліміздің бірқатар өңірінде әлі аяз. Осыған байланысты кей мектепте сабақ уақытша онлайн форматта өтіп жатыр. Дегенмен БЖБ және ТЖБ жұмыстары дәстүрлі форматта, мектепте тапсырылады.

Төртінші тоқсан сегіз аптаға жалғасады. Оқу жылы дәстүр бойынша 25 мамырда аяқталып, соңғы қоңырау рәсімі өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да