23-25 мамырға арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде еліміздің бірнеше облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты облыстардың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, күшті екпінді жел мен бұршақ күтілуде. Осыдан басқа, температураның төмендеуі күтіледі. 24-25 мамырда ауа температурасы нормаға жуық және одан төмен болады деп болжанады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, бірақ мұнда да өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды», — деп жазылған хабарламада.

 

ДереккөзBaq.kz