25 мамырда Сенаттың отырысы болады

25 мамырда сенаторлар Қазақстан мен Қырғыз елі арасындағы реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және осы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы; Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды. Заңнамаға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және қорғаныс мен әскери қызмет мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда талқыланатын болды.

Сенат отырысында еліміздің Конституциялық Кеңесінің мүшесі Ұбайдолла Стамқұловтың өкілеттігін тоқтату туралы және Парламент Сенат Төрағасының ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы мәселе де қаралады.

ДереккөзBaq.kz