Қазақстан-Біріккен Араб Әмірліктері бизнес кеңесі құрылды

ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек пен БАӘ Сыртқы iстер және халықаралық ынтымақтастық министрiнiң орынбасары Мухаммед Шараф бiрнеше маңызды ресми құжатқа қол қойды.

«Атамекен» ҚР ҰКП мен БАӘ Кәсiпкерлер палатасы және Индустрия федерациясының арасында Қазақстан-БАӘ Бiрлескен бизнес кеңесiн құру бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға, екi ел арасындағы инвестиция мен бизнес мүмкiндiктердi күшейту бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, 2017 жылдың басында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне iссапармен барған болатын. Кездесу нәтижесiнде араб бизнесмендерi Қазақстанға қызығушылық танытқан. Бүгiнгi бизнес форумға екi елдiң бизнесмендерi жиналып, бiрқатар келiсiм бекiтудi көздеп отыр.

ДереккөзBaq.kz