6 жастағы Даниал Айдаров әлем чемпионы атанды

22 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спортшы қарсыластарына дес бермеді.

«Даниал спорт­қа бейім. Жаттығуларына барып, қадағалап тұрамын, бар ынтасымен жасайды. Сосын төрттағанда мық­ты. Жастығына қарамай, қарсыластарына ауырту тәсілін сауатты қолдана біледі» – дейді оның атасы Айдар Әшір­беков.

Даниал Айдаров – Созақтың тумасы. Ол күнделікті жаттығуын осы қаладағы «Ронни» жекпе-жек клубында жасайды.

ДереккөзZamana.kz