Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды

Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келді. Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына келді.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінде

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізу қарастырылған.

Бұған дейін Сауд Арабиясы корольдігінің Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейр: «Біз Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінде көтерген бастамаларын қолдаймыз» деп хабарлаған болатын.

ДереккөзҚазАқпарат